Ұлттық банк теңгенің нығаюы зейнетақы жинағына қалай әсер еткенін түсіндірді

Көркем Алдабергенова 23 сәу. 2026 14:45

Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің нығаюы қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына қалай әсер еткенін түсіндірді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, инвестициялық табыстың қайта бағалануы теңге бағамының құбылуына байланысты болған. Бұл өз кезегінде зейнетақы активтеріндегі қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер еткен.

Әлия Молдабекова мұнда шығын туралы емес, теңгенің күшеюі аясында инвестициялық табыстың төмендеуі жөнінде сөз болып отырғанын атап өтті.

Оның мәліметінше, зейнетақы активтерінің шамамен 40 пайызы әртараптандыру мақсатында шетел валютасына орналастырылған. Жыл басынан наурыз айының соңына дейін теңге АҚШ долларына қатысты шамамен 5,5 пайызға нығайған.

Соның салдарынан БЖЗҚ инвестициялық табысы төмендеген. Нақты айтқанда, наурыз айында инвестициялық табыс 240 млрд теңгеге азайған.

Сонымен қатар Молдабекова 2026 жылдың басынан бері БЖЗҚ жалпы оң кірістілік көрсеткенін жеткізді. Оның көлемі 172 млрд теңге болған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove