Freedom Inside '26

Теміртауда үш бала тоққа түсті

Теміртауда үш бала тоққа түсті
Дняпровец

Теміртауда үш кәмелетке толмаған бала тоққа түскен оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dala News.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің «Салғырттық» бабы бойынша тіркелген.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.