Freedom Inside '26

Теңге нығайып, БЖЗҚ табысы 240 млрд теңгеге төмендеді

Теңге нығайып, БЖЗҚ табысы 240 млрд теңгеге төмендеді
pixabay.com

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық табысы теңгенің нығаюына байланысты шамамен 240 млрд теңгеге азайды, деп хабарлайды Dala News.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәліметінше, қор активтерінің шамамен 40%-ы шетел валютасында орналастырылған.

Қаңтар-наурыз аралығында теңге долларға шаққанда шамамен 5,5%-ға нығайған. Соның салдарынан валюталық активтер теңгеге шаққанда қайта бағаланып, көрсеткіш төмендеген.

Ұлттық банкте бұл нақты шығын емес екенін атап өтті.

«Бұл – қағаз жүзіндегі қайта бағалау әсері. Жалпы инвестициялық табыс оң деңгейде қалып отыр», – деді Молдабекова.

Жыл басынан бері қордың инвестициялық табысы шамамен 272 млрд теңгені құраған.