БҰҰ өкілдері Тоқаевтың бастамаларын жоғары бағалады

Самал Асқар 23 сәу. 2026 13:38

БҰҰ өкілдері Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста мазмұнды баяндама жасағанын атап өтті, деп хабарлайды Dala News.

Олардың айтуынша, Мемлекет басшысы көтерген бастамалар халықаралық пікірталасқа негіз болып, Қазақстан ұсынған идеялардың өзектілігін көрсетті.

Кездесу барысында халықаралық ұйым өкілдері өз қызметтері туралы және климаттың өзгеруі, су қауіпсіздігі, апаттар қаупін азайту, азық-түлік тұрақтылығы бағыттарында жүзеге асырып жатқан жобалар жөнінде ақпарат берді.

Әңгімелесу кезінде Қазақстанның жаһандық бастамаларына ерекше назар аударылды. Президент БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру идеясын көтергенін еске салып, Алматыда ашылған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталықтың маңызын атап өтті.

Тоқаев Қазақстанның орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеу бағытында БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастықты одан әрі нығайта беретінін жеткізді.

Кездесуге Ли Цзюньхуа, Хаолян Сюй, Татьяна Молчан, Камал Кишор, Селеста Сауло, Джим Скеа және Виорел Гуцу қатысты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove