Банк шоты бұғатталса не істеу керек? Қаржы нарығын реттеу агегттігі түсіндірді

Қаракөз Амантай 23 сәу. 2026 13:26

Қазақстанда банк шоты әртүрлі себептерге байланысты бұғатталуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Агенттік мәліметінше, шоттың бұғатталуына техникалық ақаулардан бастап, заң талаптарының бұзылуына қатысты күмәнге дейін түрлі факторлар әсер етуі мүмкін.

Шот не себепті бұғатталады?

Ең жиі кездесетін себептер мыналар:

– күмәнді немесе әдеттен тыс операциялар (ірі немесе жиі аударымдар, әсіресе шетелден түсетін қаражат);
– мемлекеттік органдардың сұранысы (салық қызметі, сот орындаушылары, қаржылық мониторинг органдары);
– банк жүйесіндегі техникалық ақаулар;
– ПИН-кодтың бірнеше рет қате енгізілуі немесе картаның мерзімінің аяқталуы.

Шот бұғатталса не істеу керек?

Егер шотыңызға қолжетімділік шектелсе, ең алдымен банк қосымшасындағы хабарламаларды тексеру қажет. Көп жағдайда бұғаттаудың себебі сол жерде көрсетіледі.

Сондай-ақ:

– банктің байланыс орталығына хабарласу немесе бөлімшесіне бару;
– шотты қалпына келтіру үшін қандай әрекеттер қажет екенін нақтылау;
– eGov.kz порталы немесе салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы берешектердің бар-жоғын тексеру ұсынылады.

Қажет болған жағдайда қаражаттың қайдан түскенін растайтын құжаттарды дайындау керек.

Бұғатталу қаупін қалай азайтуға болады?

Агенттік мұндай жағдайдың алдын алу үшін келесі кеңестерді ұсынады:

– жеке шотты кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбау;
– ірі немесе әдеттен тыс аударымдар туралы банкке алдын ала хабарлау;
– жеке деректердің өзектілігін қадағалау;
– қарыздарды уақытында өтеу.

Агенттік өкілдері қаржылық операцияларды ашық әрі заң талаптарына сай жүргізу шоттың бұғатталу қаупін азайтатынын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove