Freedom Inside '26

Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады

Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
gov.kz

Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Черногория үкіметі 17 сәуірде Қазақстан азаматтарына уақытша визасыз режим енгізген.

"Азаматтар 1 мамырдан 1 қазанға дейін жол жүру құжаты арқылы Черногория аумағына кіре алады және 30 күнге дейін бола алады", - деп жазылған СІМ хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, ұзақ сапарлар үшін виза рәсімдеу қажет.