Ақтөбе облысында 13 жастағы оқушы өз-өзіне қол жұмсады

Қаракөз Амантай 23 сәу. 2026 15:13

Ақтөбе облысының Кенқияқ ауылында 13 жастағы оқушы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Криминальный Казахстан телеграм арнасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, жасөспірім сол күні мектептің екінші ауысымына баруы тиіс болған. Алайда сабаққа келмеген соң, мұғалімдер оның отбасымен байланысқа шығып, іздестіру жұмыстары басталған.

21 сәуір кешкісін ата-анасы баланы үйінің жанындағы қорадан тапқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның түрлі нұсқалары қарастырылып жатыр. Оның ішінде мектептегі жағдайлар да тексерілуде. Нақты себептер тергеу нәтижесінде белгілі болады.

"Белгілі болғандай, жасөспірім толық отбасында тәрбиеленген. Әкесі мұнай саласында жұмыс істейді, ал анасы – мұғалім. Отбасында төрт бала бар, марқұм – екінші перзент. Мұғалімдердің айтуынша, ол белсенді оқушы болған, мектеп өміріне араласып, ат спортына қызыққан", - дейді дереккөз.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар мектепте де қызметтік тексеріс басталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove