Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2025 жылдың қорытындысы бойынша 159,6 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ресми статистикалық деректерде айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Экономиканың негізгі үлесі
Мәліметтерге сәйкес, ЖІӨ құрылымында ең жоғары үлесті жалпы пайда мен аралас табыс құрады. Оның көлемі 99,5 трлн теңгеге жетіп, жалпы экономиканың 62,3%-ын қамтыған.
Еңбекақы үлесі
Ал еңбекақы төлемдері 48,8 трлн теңгені құрады. Бұл – жалпы ішкі өнімнің 30,6%-ы. Сарапшылар аталған көрсеткіш елдегі еңбек нарығының тұрақтылығын аңғартатынын айтады.
Салық түсімдері
Өндіріс пен импортқа салынатын таза салық көлемі 11,3 трлн теңгеге жеткен. Бұл ЖІӨ-нің 7,1%-ына тең.
