Алматыда биоэтанол қосылған жаңа бензин сатыла бастады

Қаракөз Амантай 23 сәу. 2026 14:37

Алматыда биоэтанол қосылған БИ-95 маркалы бензин сатылымға шықты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа отынды KazFoodProducts холдингі өндіре бастаған. Биоэтанолды BioOperations зауыты шығарады, ал соңғы өнім BioPetrolCompany базасында дайындалады.

Жаңа бензиннің құрамында астықтан алынған 5–10% биоэтанол бар. Мамандардың айтуынша, бұл отынды пайдалану үшін көлікті қайта жабдықтаудың қажеті жоқ. Бензиннің сапасы мен октан саны өзгермейді, сондықтан ол кәдімгі бензинмен жүретін барлық автокөлікке жарайды.

Сондай-ақ жаңа қоспа қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуынша, ауаға таралатын зиянды ұсақ бөлшектер көлемі 70 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove