Атырау полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Сағыныш Сардарова 23 сәу. 2026 12:11

Атырау полиция басқармасының басшылығында өзгеріс болды. Бұл қызметке бұған дейін Жаңаөзен қаласының полициясын басқарған полковник Айдар Қасанов келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кадрлық тағайындауды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, ішкі істер министрінің бұйрығымен Айдар Қасанов осы лауазымға тағайындалып, 20 сәуірден бастап қызметіне кіріскен.

Еске салайық, бұған дейін бұл қызметті атқарған Бақтыбек Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен босатылып, тергеу изоляторына қамалған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove