Полиция азаматтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Домофон қызметтеріне байланысты жаңа алаяқтық әдіс пайда болған: Бейтаныс адамдар азаматтарға қоңырау шалып, өзін домофонға техникалық қызмет көрсететін компания қызметкері ретінде таныстырады.
Артынша алаяқтар "қосымша кілттер жасау" немесе "кілтсіз кіру қызметін қосу" сияқты жалған қызметтер ұсынады.
Ол үшін кіреберіс есікті кілтсіз ашуға мүмкіндік беретін алты таңбалы "жеке код" жіберетінін айтады. Олар әр пәтердің жеке коды болатынын және бұл жаңа, ресми қызмет екенін алға тартады.
Ішкі істер министрлігі мәліметінше, шын мәнінде мұндай сервис мүлдем жоқ. Азаматтың келісімін алған соң алаяқтар жеке дерек жинауға кіріседі.
Құзырлы органдар тұрғындарды барынша сақ болуға және мұндай қоңырауларға сенбеуге шақырды
