"Күйеуі атпен сүйреп өлтірген". Жетісулық әйелдің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Көркем Алдабергенова 05 жел. 2025 13:16

Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деп айыпталған 32 жастағы Айзат Жұмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Марқұмның күйеуі Жанболат Айбар оны өлтірді деп айыпталып отыр. Ол әйелін аяусыз ұрып-соғып, дер кезінде жедел жәрдем шақырмаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысқа қызғаныш себеп болған.

Бұған дейін марқұмның туыстары Айзатты арқанмен байлап, далада сүйреткен болуы мүмкін деген болжам айтып, сондай-ақ оның жүкті болғанын жоққа шығармаған. Алайда бүгін прокурордың мәлімдеуінше, кешенді сот-медициналық сараптама нәтижесінде әйел денесінде атпен, көлікпен немесе адам күшімен сүйретуге тән іздер табылмаған.

Сонымен қатар, комиссия ұсынылған медициналық құжаттар мен қайта жасалған гистологиялық зерттеу қорытындылары бойынша жүктілік белгілерін анықтамаған.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар