"Біз тазамыз!": Жәнібек Әлімханұлының командасы тағы бір мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 05 жел. 2025 11:37

Боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Команда көпшіліктің қолдауына ризашылығын білдіріп, жақсы күндер келеріне үміт артқан.

"Бұрын салмақ жасай алмай қалғанда да біраз адам күмәнданған! Кейін олар да жанкүйер болып кетті. Ол қиындық та артта қалды. Бұл допинг дауы да шешіледі!  Біздің команда - ең мықты команда! Біз әлі әлемге талай қазақша сөйлейміз! Біз әлі талай жастарға "құмар ойын ойнама" деп айтамыз! Біз әлі талай мәрте Туды желбіретеміз! Біздің мақсат айқын. Ол мақсаттан бізді ешқандай қиындық тайдыра алмайды. Сынап жатқандарға мән бермеңіздер! Олар бұрыннан бар, 4 титул алғанда да бола береді! Біз тек алға жүреміз!" - деп жазылған үндеуде.

Сонымен қатар, бұл істе өздерінің тарапынан ешқандай қате кетпегенін жеткізді.

"Ең бастысы біз тазамыз! Бізден ешқандай кінә мен қате кетпеді! Бәрі бұрынғы витаминдер мен бұрынғы мәзір! Қазір анализдің екінші қорабын ашуға өтініш жазылды! Жауабын күтеміз!" - деп жазылған хабарламада.

Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда кездесу болмайтыны ресми түрде хабарланды. Бұған себеп: қазақстандық боксшының анализінен тыйым салынған препарат табылған.

Кейінірек туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына пікір білдірді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар