Мылтықтан оқ атқан Алматы облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алғашында аудан әкімдігі бұл қарудың ойыншық екенін мәлімдеген. Алайда полиция оның шын қару екенін және ресми тіркелгенін растады.
"Соған қарамастан, қызметкерге тек тәртіптік жаза ғана қолданылған. Әкімдік қызметкері әкімшілік жауапкершіліктен босатылғаны қоғамның наразылығын күшейтті", - дейді Письма Президенту телеграм арнасы.
Желі қолданушылары "шенеуніктерге бәрі болады" деп сынап, мұндай әрекетке әділ құқықтық баға берілуі тиіс екенін талап етті.
