Маңғыстауда полицейді балағаттаған жасөспірімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында билік өкілін қорлаған жасөспірімге үкім шықты.
Сот мәліметінше, кәмелетке толмаған А. мемлекеттік белгісі жоқ мотоциклді басқарғаны үшін ұстаған полиция қызметкерлерін балағаттап, видеоға түсіріп, оны TikTok желісіне жариялаған.
"Сотталушы А. ҚР ҚК-нің 378-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп жазылған хабарламада.
