Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.
Финалда отандасымыз Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.
Нәтижесінде Сұпығалиева иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды.
Осылайша, Фатима Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.