Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады
Фото: ЖИ

4 қарашада Қазақстан аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша шектеледі. "Қазтелерадио" мәліметінше, бұған жоспарлы профилактикалық жұмыстар себеп болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Техникалық жұмыстар елдегі спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телевизия мен радио желілерін қамтиды. Осыған байланысты телеарналар мен радиостанциялар сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін хабар таратпайды.

Компания өкілдері профилактикалық жұмыстар телерадио желілерінің тұрақты әрі сапалы қызметін қамтамасыз ету үшін жүргізілетінін түсіндірді.