Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ташкентте өткен футбол турнирінде уланып, ауруханаға түскен жас футболшыларға барды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Медициналық көмекке Қарағандыдан келген 19 адам жүгінген. Олардың - 11-і бала, сегізі - ересек адам.
Қазақстан елшілігі мәліметінше, 17 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың жағдайы тұрақты.
Еске салайық, бұған дейін Ташкентте қазақстандық жас футболшылар жаппай уланып, ауруханаға түскені хабарланды.