Жасанды интеллект Қазақстан экономикасына 20 млрд долларға дейін пайда әкелуі мүмкін — Тоқаев

Қаракөз Амантай 05 жел. 2025 15:11

Жасанды интеллект ел экономикасына 14–20 миллиард доллар аралығында қосымша кіріс әкелуі ықтимал. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент өз сөзінде мемлекет пен бизнес арасындағы жұмыс тәсілдерін қайта қарау қажеттігін атап өтті.

"Бұл істе жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын тиімді қолданған жөн. Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы әлемдік экономиканың түбегейлі өзгеруіне әкеп соғады", - деді Тоқаев

Мемлекет басшысы сарапшылардың жаһандық болжамына да тоқталды.

"Сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллект 2030 жылға қарай әлемдік ішкі жалпы өнімге 17 триллион доллардан 26 триллион долларға дейін пайда әкеліп, 78 миллион жұмыс орнын аша алады. Ал Қазақстан жағдайында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ішкі жалпы өнімге 14 миллиард доллардан 20 миллиард долларға дейін кіріс әкелуі мүмкін. Осындай болжам бар. Бірақ шын мәнінде қалай боларын өмір көрсетеді. Біз тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек", - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар