Жамбыл облысында өгей әке кәмелетке толмаған үш баланы қинағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Талас аудандық соты кәмелетке толмаған 3 баланы қинады деп айыпталған сотталушы Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотта 2019 жылдан 2025 жылға дейін сотталушы Т. шаруа қожалығы аумағында кәмелетке толмаған өгей балаларына күш қолданып, оларды азаптағаны анықталған.
"Сотталушы балаларды қоғамнан оқшаулап, олардың оқуы мен дамуына кедергі келтірген, еңбекке мәжбүрлеп, тамақтануын шектеген. Сотталушы олардың еңбегінен түскен кірісті өзінің жеке мүддесіне пайдаланған", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен Т. ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1, 2) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
