Алматыда тіс емханасында тағы бір бала көз жұмды

Сағыныш Сардарова 05 жел. 2025 17:44

Алматыда тіс емханасында тағы бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жайтты қалалық Полиция департаменті растады. Наурызбай ауданының Полиция басқармасына кәмелетке толмаған бала қайтыс болуына байланысты өтініш түскен.

"Қазір тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Ведомство дерегіне сүйенсек, іс материалдары тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тексеріс жүргізу үшін жолданды, оның нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 3 жасар қыз қайтыс болды. Тіс дәрігері оның 18 тісін бір мезетте емдемек болған. Салдарынан үш жасар бүлдіршін сол жерде көз жұмды. Қазір сот отырыстары өтіп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар