Дәулет Тұрлыхановқа қатысты маңызды ақпарат тарады

Көркем Алдабергенова 05 жел. 2025 12:20

Бүгін Алматыда Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының конференциясы өтіп, жаңа президент сайлануы күтіліп отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Beksports мәліметінше, қазір Алматыда күрес түрлері бойынша Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Ел біріншілігі аясында федерацияның атқарған жұмысына қорытынды жасалып, ұйым жетекшілігіне жаңа басшы таңдалатыны хабарланды.

Федерацияны 2021 жылдан бері Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, белгілі балуан әрі Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов басқарып келді.

Айта кетерлігі, биыл өткен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали алтын жүлде иеленді.

Еске салсақ, Дәулет Тұрлыханов кеңес және қазақстандық грек-рим күресінің даңқты спортшысы. Ол КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сонымен қатар, 1989 жылғы әлем чемпионы, 1993 жылғы әлемнің күміс жүлдегері, 1995 жылғы Еуропа және Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, сегіз дүркін КСРО чемпионы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар