Қазақстандықтар үшін мамырдың жартысы демалыспен өтеді

Сағыныш Сардарова 07 сәу. 2026 10:48

2026 жылы мамырда қазақстандықтарды мерекелерге толы күнтізбе күтіп тұр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ай 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен басталады. 2026 жылы бұл күн жұмаға түседі, сондықтан айдың басында ұзақ демалыс болады.

Одан кейін 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. 2026 жылы бейсенбіге сәйкес келеді және ресми демалыс күні саналады.

9 мамыр - Жеңіс күні биыл сенбіге түседі. Демалыс күнін ауыстыру тәртібіне сай қосымша демалыс 11 мамырда, дүйсенбіде беріледі.

Ай соңында, 27 мамырда, қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтеді. 2026 жылы ол сәрсенбіге сәйкес келіп, ресми демалыс күні болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove