“Крокус Сити Холл” ісі: өмір бойына сотталғандардың бірі Мәскеу абақтысында қайтыс болды

Көркем Алдабергенова 07 сәу. 2026 10:28

Мәскеудегі "Матросская тишина" тергеу абақтысында 2024 жылы Крокус Сити Холл нысанында болған теракт ісі бойынша өмір бойына сотталғандардың бірі көз жұмды. Ресей билігінің мәліметінше, ол суицид жасаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ФСИН хабарлауынша, дәрігерлер жедел көмек көрсеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, марқұм – 37 жастағы Тәжікстан азаматы Якубжони Давлатхон Юсуфзода. Ол биыл наурыз айында терактіні қаржыландырды деген айыппен өмір бойына сотталған 15 адамның бірі болған.

Айта кетейік, 2024 жылы Крокус Сити Холл кешенінде болған шабуыл салдарынан 149 адам қаза тауып, 600-ден астамы жараланған.

Еске салайық, 12 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт ісі бойынша сот үкімі шықты. Терактіні тікелей орындағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove