«Крокус Сити Холлдағы» терактіні ұйымдастырушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Көркем Алдабергенова 12 нау. 2026 14:43

Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт ісі бойынша сот үкімі шықты. Терактіні тікелей орындағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Mash мәліметінше, Екінші Батыс округтік әскери сот Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализоде, Шамсидин Фаридуни және Мухаммадсобир Файзовты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Іс бойынша шамамен 2,3 мың адам жәбірленуші ретінде танылған.

Мәскеу облысындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында теракт 2024 жылғы 22 наурызда болған. Төрт қарулы адам концерт залына басып кіріп, атыс ұйымдастырып, кейін ғимаратты өртеп жіберген.

Салдарынан 145 адам қаза тауып, 550-ден астам адам жарақат алған.

Көмектескендер де өмір бойына сотталды

Терактіні ұйымдастыруға көмектесті деп танылған тағы 11 адам да өмір бойына бас бостандығынан айырылды:

– Умеджон Солиев
– Мустаким Солиев
– Шахромджон Гадоев
– Зубайдулло Исмоилов
– Хусейн Хамидов
– Мухаммад Шарипзода
– Якубджони Юсуфзода
– Назримад Лутфуллои
– Джумахон Курбонов
– Хусен Медов
– Джабраил Аушев

Террористерге ақ түсті Renault Symbol автокөлігін және пәтер берген Исроил, Диловар және Аминчон Исломовтар 19 жыл 11 айға сотталды.

Ал Мәскеу облысында айыпталушыларға пәтер жалға берген Алишер Касимов 22 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove