Ақтөбе облысында балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметі жаңа тәсілді қолға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, мамандар дрондардың көмегімен көпқабатты үйлердің маңында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Әуеден ұшырылған құрылғылар арқылы дауыс зорайтқышпен тұрғындарға қауіпсіздік ережелері ескертіледі.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды, терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуды және қауіпсіздік талаптарын сақтауды түсіндіріп жатыр.
Ведомствоның айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алып, халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
