Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшысы Данияр Мейірханға қатысты тексеру жұмыстарын бастағаны белгілі болды.Бұл туралы блогер Дастан Қабылбеков әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның мәліметінше, бірнеше қызметкер комитет басшысының үстінен арыз түсірген.
"Мейірхан қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінуі мүмкін. Сондай-ақ ол қызметкер әйелге тиісу дерегі бойынша да тексеріліп жатқаны болуы мүмкін", - деді Қабылбеков.
Аталған жайтқа байланысты Ішкі істер министрлігі ресми түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір өтініш міндетті түрде тіркеліп, жан-жақты қаралады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтау үшін тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
