Интернеттегі жазбалар үшін жауапкершілік бар — Бас прокуратура

Қаракөз Амантай 07 сәу. 2026 12:28

Қазақстанның Бас прокуратурасы желіде тексерілмеген әрі жалған ақпараттың таралуына байланысты азаматтарға тағы да ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, кейбір қолданушылар "хайп" қуып, жариялаған ақпараттың салдарын ескере бермейді. Мұндай "цифрлық қауесеттер" қоғамда дүрбелең туғызуы, азаматтар мен ұйымдардың беделіне нұқсан келтіруі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысына кері әсер етуі мүмкін.

Прокуратура өкілдері интернетте толық анонимдік болмайтынын атап өтті. Қазіргі технологиялар кез келген жазбаның немесе пікірдің авторын анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жала жабу, қорлау немесе көрінеу жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатыны ескертілді. Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды тек тексерілген деректерді жариялауға, болжам мен негізсіз пікірлерге сүйенбеуге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove