Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды

Сағыныш Сардарова 07 сәу. 2026 11:45

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаралы хабарды журналист Жазира Бегалы жеткізді..

"Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Естеріңізде болса, туыстары Баирдың 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жаннатта болсын", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы бірнеше күннен бері табылмай жатқанын жаздық. Бұл туралы оның жары Ұлжан Шәріпбекова мәлімдеді.
 
Ұлжан Шәріпбекова "Бармысың, бауырым?" радиобағдарламасында күйеуін іздестіріп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, Баир Сиқымбаев 24 наурызда шамамен сағат 13:00-де үйден шығып кетіп, содан бері қайта оралмаған. Кейін оны іздеу басталып, полицияға да ресми түрде хабар берілген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove