әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді
видео кадры

Алматыда жол апатына кінәлі деп танылған Zeekr көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және сот санкциясымен қамауға алынған.

"Қазір ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді", - деді полиция.

Еске салайық, қайғылы оқиға 21 наурызда Алматыда әл-Фараби даңғылында болды. Жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды.