Павлодар облысында бірден 8 әкімге айыппұл салынды

Көркем Алдабергенова 07 сәу. 2026 12:46

Павлодар облысында 8 әкімге айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павлодар облысының Аққулы ауданында прокуратура 20-дан астам заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады.

Тексеру барысында бұл полигондарда экологиялық талаптардың өрескел бұзылғаны белгілі болды: тиісті рұқсаттар жоқ, мониторинг жүргізілмеген, фильтрат пен қоқыс газы бақылауға алынбаған.

Нәтижесінде ауылдық округтердің сегіз әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оларға жалпы сомасы 1,7 миллион теңге айыппұл салынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove