Қазақстан мен Ресейдің әуе қорғанысы күштері бірлескен жаттығу өткізеді

Қаракөз Амантай 21 ақп. 2026 09:31

Қазақстан мен Ресейдің әуе қорғанысы күштері бірлескен жоспарлы жаттығу өткізеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан мен Ресейдің Бірыңғай өңірлік әуе қорғанысы жүйесі аясындағы жоспарға сәйкес, 2026 жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында әуе қорғанысы әскерлерінің жоспарлы жаттығуы өтеді.

Жаттығу кезінде әуе нысаналарын анықтау және оларды бақылауда ұстау, әуе кеңістігін заңсыз бұзған ұшу аппараттарын тосқауылдау, сондай-ақ оларды белгіленген әуеайлақтарға қондыру шаралары пысықталады.

Министрлік бұл іс-шара алдын ала жоспарланғанын атап өтті. Оның басты мақсаты - әуе қорғанысы кезекші күштерінің өзара үйлесімді жұмысын жетілдіріп, жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру.

Сондай-ақ ведомство азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми дереккөздерге сүйенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove