Павлодарда құрылыс компаниялары 120 млн теңгенің келісімдерін жасырып келген

Көркем Алдабергенова 20 ақп. 2026 16:17

Павлодар облысының прокуратурасы тексеру барысында салық міндеттемелерін жүйелі түрде төмендету деректері анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компаниялар сатылымның бір бөлігін есепте әдейі көрсетпеген. Мәселен, бір кәсіпорын 43 нысанды сатқан, алайда бұл мәмілелерді салық декларацияларында мүлде көрсетпеген. Соның салдарынан 77,8 млн теңге көлемінде табыс салығы төленбеген.

Осындай заңбұзушылықтар облыстағы тағы он екі құрылыс компаниясының қызметінен де анықталған.

Павлодар облысының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде бюджетке шамамен 120 млн теңге қайтарылды.

Тергеу жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove