АҚШ Сириядан барлық әскери қызметкерлерін шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
АҚШ билігі Сирия аумағынан америкалық барлық әскери қызметкерлерді, шамамен 1 мың адамды толықтай шығару жоспарын қарастырып жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Басылыммен тілдескен дереккөздердің айтуынша, АҚШ әскерилері Сириядан алдағы екі айдың ішінде кетуі мүмкін. Қазіргі таңда ел аумағында шамамен мыңға жуық америкалық әскери қызметкер бар.
АҚШ тарапынан бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
