Мемлекет басшысы Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты

Қаракөз Амантай 20 ақп. 2026 17:52

Берік Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда таратқан хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Шолпанқұлов BES.media тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық банктердің бірінен 7 триллион теңгеден астам қаржыны аудару туралы ақпаратқа пікір білдірген еді.

Оның сөзінше, аталған 7 трлн теңге - қаражаттың сыртқа шығарылған таза сомасы емес, банктегі операциялардың жалпы айналым көлемі. Шолпанқұлов мұны қарапайым мысалмен түсіндіріп, бір қаражат күн ішінде бірнеше рет аударылса, жыл соңында жиынтық сома едәуір үлкен болып көрінетінін айтқан.

Сондай-ақ ол трансшекаралық операцияларды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп тексеріп жатқанын жеткізді. Тексеру әлі аяқталмағанымен, алдын ала мәлімет бойынша елеулі заңбұзушылық белгілері анықталмаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove