Freedom Inside '26

Алматыда Сейфуллин бойындағы заңсыз нысан алынды

Алматыда Сейфуллин бойындағы заңсыз нысан алынды
Алматы әкімдігі

Алматыда тағы бір заңсыз салынған ғимарат алынып тасталды, деп хабарлайды Dala News.

Қалалық қала құрылысы бақылау басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы 553/1 мекенжайындағы нысан қала құрылысы заңнамасының сақталуын бақылау аясындағы мониторинг кезінде анықталған.

Инспекторлар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін меншік иесі ғимаратты ерікті түрде бұзу туралы шешім қабылдаған.

Нысан иесінің күшімен, мәжбүрлі шаралар қолданылмай демонтаждалды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.