Алматыда бұрынғы әкім Бауыржан Байбек басқарған кезеңге қатысты даулы құрылыс ісі қайтадан күн тәртібіне шықты, деп хабарлайды Dala News.
Халықаралық «Сұңқар» шаңғы кешенінің құрылысына қатысқан мердігерлер көпжылдық қарыз дауы мен тексерудің барысын білу үшін прокуратураға барған. Алайда олар күткен түсіндірудің орнына полиция шақырылған.
ТОО «ТОЛ-Құрылыс» директорының орынбасары Абдуразақ Байболатов ұсталып, «рұқсат етілмеген пикет» ұйымдастырды деген айыппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Еске салсақ, бұған дейін құрылысшылар «Сұңқар» кешені бойынша шамамен 6 млрд теңге қарыз бар екенін мәлімдеп, істің тергелуі созылып кеткенін айтқан. Олар бұл кезеңде қала әкімдігін басқарған тұлғалардың әрекетіне қатысты сұрақтар бар екенін ашық көтерген.
Даулы жоба мен қарыз мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді. Құрылысшылар істі жан-жақты әрі ашық тергеуді талап етіп отыр.
