nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің қатысушылары қандай веб қосымшалар әзірледі?

Dalanews 22 там. 2022 10:44 285

Алматыда 11 тамыз күні болашақ IT-мамандарға арналған 10 аптаға созылған Қазақстандағы ең ірі nFactorial IT-инкубаторы жазғы бағдарламалау лагері өз мәресіне жетті.

Аталмыш жобаға қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресейден 4000 үміткер өтініш білдірген, оның ішінде бағдарламаға 200 үздік әзірлеуші ​​шақырылды.

10 аптаның қорытындысы бойынша Инкубатор қатысушылары елде бұрын-cоңды жасалмаған web3 қосымшаларын, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен географиясын зерттеуге арналған ойындарды, қазақ музыкасы мен поэзиясын насихаттауға, экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған қосымшаларды жасаған. Бұл шығарылымда қатысушылардың веб қосымшаларына шолу жасап өтсек дейміз.

Тойда, туған күнде тілек айту қиындық тудырса, жаттанды «ашық аспан», «мол бақыттан» басқа ешнәрсе ойыңызға келмесе, «Toast master» сізге көмекке келеді. Бұл қосымшаны жазғы Инкубатор қатысушысы, талантты кәсіпкер Ғалым Байтімбетов жасанды интеллектке негіздеп ойлап тапқан.


«Веб қосымша қазақ тілінде сізге әдемі тілек жазып береді. Қосымша қазақ тіліндегі бар тілектер негізінде жұмыс жасайды. Мұндай қосымша біздің елімізде бұрын соңды болмаған. Әбден жауыр болған «ашық аспан, мол бақыт тілеймін» деген тілектер көп ешкімге қызық емес. Біздің қосымша сіз үшін ең қызықты, креативті тілекті құрастырып береді»,-деді автор.



Егер сіз Ғалымның жобасына өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, өзіңіздің тілегіңізбен бөліссеңіз болады.

Музыканттардың домбыра мен қобызды гитара тюнерін қолдану арқылы күйге келтіретінін білесіз бе? Бұдан шаршаған Инкубатордың жеңімпазы Бауыржан Әбенов домбыра, қобыз және прима-қобызға арналған веб-тюнер дайындап шығарды. Ол үшін ноутбугіңіздің жанында нотаны ойнап көріңіз, ал Бауыржанның коды сол сәтте дыбысты компьютер түсінетін жиілікке аударады. Функицоналдан бөлек, сайттың әдемі дизайнында көздің жауын алатын түстер, домбыраның басы мен құлағы көрсетілген графика, ноталарға таңдалған шрифт пен анимациялар да бар.

Сондай-ақ Бауыржанның жоспарында қосымшаға барынша көп ұлттық аспаптарды қосып, оны мобильді құрылғыларға бейімдеу бар.

Тағы бір ерекше жобаны ұсынған 17 жастағы Жібек Рахымбекқызы Apple компаниясының соңғы технологиясы – SwiftUI негізінде мобильді қосымшаны жасауға көмектесетін танымдық ойын жасады.


Сізге енді IOS қолданбаларын құруды үйрену үшін қымбат компьютер сатып алудың қажеті жоқ, небәрі 12 деңгейден тұратын веб қосымшаға кіріп, танымдық ойынды ойнап үйренсеңіз жеткілікті. Сонымен қатар кәсіби әзірлеушілер Жібектің қосымшасында редакторда жұмыс істегенде автотолтыру функциясы да екенін атап өтеді.



nFactorial жазғы лагері әр жаз сайын өткізіледі, жоба ұйымдастырушылары мен қатысушылар мұндай қарқынмен еңбектенсе, еліміздің IT саласы айтарлықтай дамып,  жақсы нәтижелерге жетеді. Естеріңізге сала кетсек, nFactorial Incubator бағдарламасының басты мақсаты – отандық IT қызметтерін экспорттау және сату арқылы Қазақстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби бағдарламашылардан тұратын арнайы жасақ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x