Huawei 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижесін жариялады

Dalanews 19 там. 2022 10:44 754

Huawei 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижесін жариялады

Компания қызметінің ортақ нәтижелері болжамдарға сәйкес келеді.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Huawei компаниясының сатудан түскен табысы 301,6 миллиард юаньға жетті. Бұл шамамен 44,7 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде таза пайда маржасы 5 пайызды құрады.

Телекоммуникация қызметінің кірісі 142,7 миллиард юаньға, кәсіпорынның кәсіптік кірісі 54,7 миллиард юаньға, терминалдық құрылғылардың кірісі 101,3 миллиард юань көрсетті.

«Біздің терминалдық құрылғылар бизнесіне сыртқы жағымсыз әсерлер болғанына қарамастан, АКТ инфрақұрылымының өндірісі өзінің қарқынды өсуін сақтап қалды», - деді, Huawei төрағасы Кен Ху.

«Алдағы уақытта біз тұтынушыларымыз бен серіктестеріміз үшін құндылықтар жасауды жалғастыра береміз, әрі сапалы дамуды қамтамасыз ету үшін цифрландыру және декарбонизация үрдістерін пайдаланамыз».

Huawei – инфокоммуникация және инфрақұрылымдық шешімдердің, сондай-ақ смарт құрылғылардың жетекші жаһандық ойыншысы. Қазіргі таңда компания жаһандық прогреске итермелейтін іргелі зерттеулерге қаржы бөліп отыр. Huawei - 1987 жылы құрылған жеке компания.

Акцияларына өз қызметкерлері иелік етеді. Компанияда әлемнің 170-тен астам елінде 188 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар