Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.
Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақта финалда Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.
Тамирлан Тілеулес бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Кездесу қорытындысы бойынша Тілеулес Тілеулес 2:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.