Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды
gov.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Бұл — Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы бокстан екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан чемпион атанған болатын. Ол финалда Иордания өкілі Зейад Ишашты 5:0 есебімен жеңді. 

Еске салайық, Айчи–Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.