Маямеров кім?

Dalanews 11 сәу. 2015 00:57 1200

[caption id="attachment_10097" align="alignright" width="241"]Кала мен Дала 1 бет "Қала мен Дала" газеті[/caption]

Ержан Малғажыұлының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас имам (мүфти) болып тағайындалғанына екі жыл өтті. Мүфтилік қызметті қолына алған тұста барша жұртшылық бұл кісінің кім екенін, қайдан келгенін, қайда оқығанын білмей, әртүрлі әңгіменің басын қайырды. Бұған себеп – еліміздегі діни ахуалдың жыл өткен сайын күрделене түсуі еді. Орталық Азияда діни тұрақсыздық қылаң беріп, елімізде де бірнеше оқиғалар тіркеліп үлгірген.

Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ

 Зайырлы ел: еркіндік кімнің қолында?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – мемлекеттік емес ұйым. Қолында нақты тетігі жоқ, құзіреті шектеулі. Әйткенмен, тұтас қоғамдағы ең өзекті саланың бірін осы ұйым атқарып отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Ислам дініне деген қызығушылық халық арасында ерекше сипатқа ие болды. Дінсіз қоғамнан құтылғанына қуанған халық ата дінін жатсынбай, құран оқығанның бәрін молда, шариғат айтқанның бәрін имам санады. Мемлекеттік саясат діни көзқарас пен ұстанымға еркіндік беріп, әртүрлі діни топтардың елімізге келуіне кедергі жасамай, олардың іс-қимылына шектеу қоймай, мүмкіндігінше зайырлылықты ұстанды.

«Діннің саясаттан бөлек» болуына баса мән берілгендіктен, есік-терезесі ашық қоғамға анталаған діни топтар жапа-тармағай енді. Діни экспансияның жетпіс түрлі жолын жетік меңгерген өзге діни ағымдар да аңғал қазақты өз жолдарына тартуын күшейтіп, елімізде мешітпен қатар, шіркеулер, пұтханалар, патша сарайлары, синагогалар, бізге бейтаныс ғибадатханалар күн санап көбейіп жатты.

Сонау 2000 жылдары жарты миллион қазақ өзге дінге өтіп кетті деген сөз ел арасын қаулап, кезіп жүрді. Етек-жеңін енді жиған биліктегілер «зайырлылықтың да шегі боларын» кеш түсініп, діни ахуалды реттеу үшін түрлі заңнамалар бекітті. Бұл кезде демократиялық құндылықтарды өз ыңғайына орайластырып үйренген ағымдардың біразы шу шығарып, халықаралық ұйымдарға арызданып, өздерінің діни еркіндігіне қол сұғу басталғанын мәлімдеп, әртүрлі айқай-шу тудырғаны жадымызда. Олардың біразын жөнге салып, кейбірін елден қуғанымен, әлі де болса тамыр жайып, орнығып үлгіргендері қаншама?!
Бүгінгі таңда ғаламтордың мүмкіндігін пайдаланып, сонау шетелде жатып-ақ өз уағызын жүргізіп, соңынан адам ертіп отырған топтар көп. Оларды шектеу, ақпаратына тосқауыл қою ҚМДБ-ның емес, мемлекеттің жұмысы. Бір сайтты жапсаңыз, күні ертең он сайт ашып, жұмысын жалғастыра береді. Сол үшін олармен бәсекелесе алатын өзіміздің елішілік діни сайттар, ақпарат құралдары көп болғаны және барынша сауатты, сабырлы болғаны ләзім.

 

Ал 2003-04 жылдары қазақтардың өзге дінге өтуі туралы ақпараттан гөрі, Исламның өз ішіндегі айтыс-тартыс баспасөз беттерінде белең ала бастады. Енді үрдіс кері айналды. Күн санап, ай санап дау-дамай өршігені сондай, жат ағымның ықпалына түсті, террорлық әрекет жасамақ болды, діни алауыздық тудырды деген айыппен топ-топ жамағаттар қамала бастады.

Ақпараттардың дерегіне жүгінсеңіз, елімізде өзге діннің жетегіне ерді деп сотталғандар тым аз да, Ислам дінінің өзге тармағына енді деп қамалғандардың саны едәуір мол. Сонда еркіндік кімдерге берілді, бұдан кім ұтты деген заңды сұрақ туады.

Мұсылман мұсылманға бауыр ма?

Жоғарыда айтқанымыздай, өзге дінге қанша қазақ өтіп, қанша мұсылман теріс жолда жүргенін бір Құдайдың өзі біледі. Заңды қатайтқан да жөн, бірақ зайырлылықты қайтпекпіз? «Мұсылман мұсылманға бауыр» принципін неге ұмытып барамыз? Неге бір мұсылман сотталса, өзге бір мұсылман қуанады? Неге екеуі де мұсылман бола тұра, бірін бірі өлердей жек көреді? Неге қазақтар бір діннің өкілі бола тұра, өзіндей бір бауырының қамалғанын, басының дауға қалғанын қалайды? Неге өзге дінге өтіп кеткен қазақтардың мәселесі жабық тақырыпқа айналып, өз дінімізде жүргендердің басы дау-дамайдан арылмайды? Қазір өзін ұлтшыл санайтын әр қазақтың көкірегінде осы сұрақтар тұр.

[caption id="attachment_10098" align="alignleft" width="445"]муфти (1) Бас мүфти Ержан Малғажыұлы өзге діннің қайраткерлерімен бірге[/caption]

Діни ахуалдың мұншалықты күрделенуі 1990 жылдардағы бос саясат пен заңымыздың солқылдақтығының кесірі десек те, «ештен кеш жақсы» - құзіретіне 2000-нан астам мешіт қарайтын діни басқарманың қолында әлі де көп мүмкіндік бар.

Мұсылман мұсылманға бауыр.

Қазақ қазаққа бауыр.

ҚМДБ-ға Ержан Малғажыұлы келгелі бері басқарманың жұмысы ширап, сауатты имамдардың қатары көбейіп, тәртіп пен талап күшейгенін байқап жүрміз. Ең бастысы, діни сарапшылардың қатары өз ұлтымыздан шығуы керек. Ержан қажының ислам діні теологтарының қатарын көбейтуге қауқары еркін жетеді. Өйткені...

Маямеров кім?

Қайталай айталық, қазіргі қазақ қоғамы сан тарау діни топтарға бөлінген: бірі шииттік, бірі сүнниттік, енді бірі ата-бабамыз атын естімеген ағымдардың соңында жүр. Олардың басын біріктіру, өзара рақайласып өмір сүруге шақыру кез келген басшының қолынан келе бермейді. Ол үшін ең әуелі ұйым басшысының өзі білімді болуы керек.
Заңды қатайтқан да жөн, бірақ зайырлылықты қайтпекпіз? «Мұсылман мұсылманға бауыр» принципін неге ұмытып барамыз? Неге бір мұсылман сотталса, өзге бір мұсылман қуанады? Неге екеуі де мұсылман бола тұра, бірін бірі өлердей жек көреді? Неге қазақтар бір діннің өкілі бола тұра, өзіндей бір бауырының қамалғанын, басының дауға қалғанын қалайды? Неге өзге дінге өтіп кеткен қазақтардың мәселесі жабық тақырыпқа айналып, өз дінімізде жүргендердің басы дау-дамайдан арылмайды? Қазір өзін ұлтшыл санайтын әр қазақтың көкірегінде осы сұрақтар тұр.

Ержан Малғажыұлы Маямеров мүфти болып сайланғанда жұрт «бұл кім?» десті. Өмірбаянына қысқаша тоқтала кету артықтық етпес. 1972 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысында ұстардар отбасында дүниеге келген. Ата-анасы елге сыйлы мұғалімдер еді.  Баласының сабақ үлгерімі, тәртібі, тазалыққа құштарлығы көз сүйіндіретін. Әжесі бала Ержанға үнемі діни  әңгімелер, қисса-дастандар оқып беретін. Мақаншы ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті 1990 жылы бітіріп, әскери борышын өтеуге аттанады. 1993 жылы әскерден оралған соң Мысырдағы Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетіне оқуға қабылданады. Бұл оқу орнын 2006 жылы тәмамдайды. Демек, 13 жыл бойы діни оқуды тапжылмай оқып, Ислам дінінің түп бастауын – негізгі қағидаттары мен тарихын терең зерделеген жан. Бұған 2006-2008 жылдары Мысыр мүфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жетілдіргенін қосыңыз. Сондықтан, Малғажыұлы бұдан бұрынғы екі мүфтиге қарағанда сауатты. Бас мүфтидің сабырлылығы мен салқынқандылығы да жұртты тәнті ететіндей.

Шынын айталық, соңғы бірер жылдан бері діни топтар арасындағы айтыс-тартыс күшейгенімен, ҚМДБ-ның жұмыс істеу тәртібі өзгеріп, белсенділігі арта түскені байқалады. Әсіресе, халықпен жұмыс істеу жетілдіріліп, уағыз бен діни түсіндіру бағыты бұрынғыдан гөрі оңтайлы жолды таңдады. Дегенмен, әлі де қолға алар шаруа шаш-етектен ғой деп ойлаймыз.

Бүгінгінің имамы

Жуырда Астана қаласында алғаш рет республикалық имамдар форумы өтті. Сол форумда Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы бекітіліп, тәлімдік құжат жасалып, теріс ағымдарға тойтарыс берудің жолдары анықталған. Бұл – өзге дінге, өзге ағымға жаппай қарсы шығу емес, діни төзімділік пен дәстүрді сақтай отырып, өзара сұхбатты жандандыру, келісім мен шынайы пікірлесуді қалыптастыру, сол арқылы жұртшылықтың діни сауатын көтеру екені баспасөзде айтылды.

Ия, қазір бос сөз, құр айқаймен ештеңені өзгерте алмайсыз. Дінді айтыспен, даумен шешу мүмкін емес. Ең бастысы, бүгінгінің имамы қалай болуы керек? Қандай болуы керек? Оның дінді үгіттеу, түсіндіру методикасын қалай жетілдірген дұрыс?

Осы сұрақтардың басын ашып, нақты ереже қабылданғанына қуандық. Мүфти Маямеров қолға алған бастаманы тек ҚМДБ-ның шаруасы демей, барша жамағат қолдағаны, имамдарға тірек болғаны, олардың Алланың разылығы үшін атқарып жатқан істеріне көмектесіп, ақпарат құралдары арқылы насихаттағаны ауадай қажет.
Мынандай бір пиғыл бар: қазақтардың өздері жазған діни танымдық, түсіндірмелік дүниелерге сенгіміз келмейді, керісінше, шетелдік бір ғалымның (мейлі, ол кім болса да) жазғанына әуестенеміз де тұрамыз. Халықтың бойындағы бұл тосқауылды бұзу үшін өзіміздің дінтанушыларымыз жазған кітаптар неғұрлым көп таралыммен тарауы тиіс.

Бүгінгі таңда ғаламтордың мүмкіндігін пайдаланып, сонау шетелде жатып-ақ өз уағызын жүргізіп, соңынан адам ертіп отырған топтар көп. Оларды шектеу, ақпаратына тосқауыл қою ҚМДБ-ның емес, мемлекеттің жұмысы. Бір сайтты жапсаңыз, күні ертең он сайт ашып, жұмысын жалғастыра береді. Сол үшін олармен бәсекелесе алатын өзіміздің елішілік діни сайттар, ақпарат құралдары көп болғаны және барынша сауатты, сабырлы болғаны ләзім. Имамдар форумында қойылған негізгі талап – имамдардың ғаламторды жетік меңгеріп, уағыз-насихатты күшейтулері керек деген ұстаным. Мұны тек сол форум аясында қалдырмай, іс жүзінде іске асырса, қанеки. Біз бірнеше облыстық мешіттердің сайттарына кіріп көрдік. Әлі де болса сайт деген аты бар болғанымен, мазмұндық жағынан олқы, тақырыптық ауқымдылығы тар екенін байқадық. Мұндай олқылықтың алдын алу қажеттігін баса айтқымыз келеді.

Діни теологтар көбейсе...

Мақаланың басында айтқанымыздай, 90 жылдары діни кітаптардың өзі тапшы болды. Дін туралы жазылған дүниенің бәрін талғамай-таразыламай оқи берді халық. Соның салдарын енді көріп отырмыз. Ойына белгілі бір ағымның идеясы сіңген халық екінші бір тараптың пікірін, түсіндірмесін ашып қарағысы жоқ.

Мынандай бір пиғыл бар: қазақтардың өздері жазған діни танымдық, түсіндірмелік дүниелерге сенгіміз келмейді, керісінше, шетелдік бір ғалымның (мейлі, ол кім болса да) жазғанына әуестенеміз де тұрамыз. Халықтың бойындағы бұл тосқауылды бұзу үшін өзіміздің дінтанушыларымыз жазған кітаптар неғұрлым көп таралыммен тарауы тиіс. Және діни кітаптарды сүзгіден өткізу механизмін де жетілдіре түскен абзал. Қазір саусақпен санарлық дінтанушымыз бар. Ал олардың білім деңгейі, ұстанымы мен пікірі туралы біз ештеңе айта алмаймыз. Себебі, білмейміз. Бәлкім, ҚМДБ діни теологтарды даярлайтын орталық ашып, мүмкіндігінше саланы жетік меңгерген мамандардың санын арттыруға қам-қарекет етуі тиіс шығар.

Айтпақшы, жоғары оқу орындарында «Дінтану» мамандығы бар.  Сол мамандықта өзі кімдер оқып жүр? Олар қайда жұмыс істеуде? Нақты қандай мамандар шықты? Дінтануға кім көрінген емес, осы салаға ынтық жастар барса, мамандар тапшылығы азаяр еді. Қоғам үшін аса қажетті мамандықты даярлау үшін Білім және ғылым министрлігі ҚМДБ-мен байланыс орнатып, дінге жақын, танымы терең, дәстүрлі отбасынан шыққан жастарды осы мамандыққа тартуға зер салса, нұр үстіне нұр болар еді. «Дінтанушы» деген дипломнан гөрі, шынайы дінтанушы аса қажет екенін Дін істері комитеті де түсінер деген ойдамыз.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар