Жаңа Салық кодексі бойынша ескі көліктердің салығы қаншалықты арзандады?

Сағыныш Сардарова 06 қаң. 2026 09:23

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес жеңіл көліктерге салынатын салық тәртібі жаңарды. Енді көлік салығы көліктің пайдаланылған мерзіміне қарай есептеледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

10-20 жыл пайдаланылған көліктер үшін төмендету коэффициенті 0,7 болса, 20 жылдан асқан көліктерге 0,5 коэффициенті қолданылады.

Бұл көлік иелеріне тиісінше 30 және 50 пайыз көлемінде салық жеңілдігін береді.

Қозғалтқыш көлемі 3-4 литр аралығындағы көліктерге салық мөлшері 15 АЕК болып белгіленді. Қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көліктерге 117 АЕК көлемінде салық салынады. Бұл мөлшерлемелер де көліктің шыққан жылына қарай түзетіледі.

Сонымен қатар, құны 18 000 АЕК-тен (77,8 млн теңгеден) жоғары жеңіл көліктерге 10 пайыз көлемінде акциз енгізіледі. Мұндай шарт көлікті алғаш тіркеу кезінде де, ел ішінде қайта сату барысында да қолданылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар