Атырау облысында жанжалға араласқан әке қарсыласының құлағын кесіп алған

Ақтоты Жапатова 07 қаң. 2026 09:00

2 қаңтар күні Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылында 24 және 25 жастағы екі жергілікті тұрғын арасында жанжал шықты. Жанжалға олардың бірінің әкесі араласып, пышақ қолданған, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Полиция мәліметінше, жанжал кезінде 49 жастағы ер адам ұлының қарсыласына ас үй пышағымен жарақат салып, оның сол жақ құлағын кесіп алған.

Аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті тергеу барысында ұлы мен жәбірленуші арасындағы жанжалға араласу кезінде абайсызда пышақпен сол жақ құлағына зақым келтіргенін айтқан.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар