Сол маңда жатыр: көріпкел Атырауда қастандықпен өлтірілген ерлі-зайыптының қыздарына қатысты сұмдық болжам жасады

Dalanews 07 қаң. 2026 14:15

Атырауда із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты болжам жасаған белгілі экстрасенс Камрян Самедов бұл іске байланысты қорқынышты мәлімдеме айтқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбілқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Журналистің айтуынша, экстрасенс жоғалған отбасыға қатысты үміт сыйлайтын ешқандай дерек келтірмеген. Айтылған ақпараттың мазмұны тым ауыр болғандықтан, оның толық нұсқасы көпшілікке жарияланбаған.

«Белгілі экстрасенс Камрян жоғалған отбасы жайлы жағымды ештеңе айтпады. Қорқынышты… Мұндай ақпаратты жұртқа жеткізуге менің де жүрегім дауаламады», – деп жазды журналист.

Сонымен қатар, көріпкел Айгүл де бұл оқиғаға қатысты өз болжамын білдірген. Оның айтуынша, марқұмдардың қызы сол аумақтан табылуы мүмкін.

«Кеше қаралы хабарды естідім, иманды болсын. Менің көруімше, қыз бала да сол маңда. Қазір үш адамды көріп тұрмын. Ал ер балаға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын», – деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар