Астанада әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сот судья Асель Досаеваға 786 400 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот мәліметінше, 2025 жылғы 1 қарашаға қараған түні ол мас күйде, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан, көлік басқарған. Көлік айыптұраққа қойылды.
Судьялық иммунитетке байланысты істі қозғау үшін Бас прокуратура Президентке ұсыныс енгізген. Құқықбұзушылық ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша сараланған. Баласының кәмелетке толмауына байланысты сот қамау емес, айыппұл жазасын тағайындады.
Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға болады.
