Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Оқиға 6 қаңтар күні кешкі уақытта Абдиров даңғылында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйде болған. Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен сегіз адамды құтқарып қалған. Оның бесеуі – балалар. Сондай-ақ баспалдақ арқылы 15 тұрғын эвакуацияланды.
Алайда өрт салдарынан 1997 жылы туған ер адам улы түтінге уланып, оқиға орнында көз жұмды.
Эвакуацияланған тұрғындар уақытша вахталық автобусқа орналастырылған.
Өрттің жалпы аумағы 5 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
