1,5 млн бір реттік доза: Қазақстанда ірі есірткі өндірісі әшкере болды

Сағыныш Сардарова 06 қаң. 2026 17:32

Қарағанды облысында ірі синтетикалық есірткі өндірісі тоқтатылды, 4 тонна прекурсор тәркіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

4 қаңтарда Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады.

Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған. Тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ, есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленген.

"1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды. Есірткі өндірісін ұйымдастыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін", - деді ІІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар