"Самұрық‑Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022–2024 жылдарға арналған табыс декларациясын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мәліметтерге сүйенсек, шенеунік 2022 жылы 422 182 000 теңге, 2023 жылы – 186 543 551 теңге, 2024 жылы – 197 259 412 теңге тапқан.
Үш жылдағы жалпы табыс мөлшері 805 984 963 теңгені құрады.
Сонымен қатар басқарма мүшесі, даму және мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру (приватизация) бойынша басқарушы директор Салтанат Сәтжан 2024 жылы 8 273 745 теңге тапқанын жариялады.
Басқарушы өкілдіктің Пекиндегі басшысы Сәкен Мұратұлының жұбайы Гүлнұр Нұркеева 2024 жылы 96 314 355 теңге табыс тапқанын декларациялаған.
