Кейінгі бір жыл ішінде Алматыдағы шетелдік студенттердің саны 45%-дан асты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматының 35 жоғары оқу орнында 236,1 мың студент оқиды. Студенттердің басым бөлігі - еліміздің басқа өңірлерінен келгендер және шетелдік азаматтар. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.
Ал шетелдік студенттердің басым көпшілігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқиды: 4,5 мың адам. Екінші орында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті. Мұнда 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр, оның ішінде 1,2 мың адам -(63,2%) үнді этносының өкілдері.
Үздік үштік қатарында Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті бар. Бұл оқу орнында Түркіменстаннан келген 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1,8 мың шетелдік студент оқиды.
"Кейінгі бір жыл ішінде шетелдік студенттер саны 45%-дан астамға өсті (17,1 мыңнан 22,6 мыңға дейін, яғни 5,5 мыңға артты)", - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.
